Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты

AstanaTV
27.01.2023ж. 20:00
683
Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты

Ассалаумағалейкум, спортсүйер көрермен! Спорт әлеміндегі соңғы ақпараттармен бөлісейін. Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты. Сондай-ақ Рыбакина жарыс барысында 44 эйс жасап, эйс бойынша үздік деп танылды. Осылайша, Елена қазақстандық теннисшілерден алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты. Оның әзірге тапқан табысы 544 миллион теңге. Даңқты отандасымыз финалда әлемнің 5-ракеткасы, тағы бір белоруссиялық Арина Соболенко немесе рейтингте 45-сатыдағы Польша өкілі Магда Линетпен бас жүлдені сарапқа салады.

Елена РЫБАКИНА, “УИМБЛДОН” ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:

Финалда мен ойыннан ләззат алып, ең жақсы теннисімді көрсетіп, титулды жеңіп алуға барымды саламын. Уимблдондағы тәжірибе маған көмектеседі деп үміттенемін.

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай 22 жасқа дейінгілер арасындағы азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бангкокта өткен жарыста отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақта алтын медаль үшін өзбек боксшысы Шодиержон Меликузиевпен жұдырықтасты. Үш раундта да жоғарғы деңгейде өнер көрсеткен Санжар Тәшкенбай төрешілердің шешімімен кездесудің жеңімпазы атанды.

Санжар ТӘШКЕНБАЙ, БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ:

Бүгінгі жекпе жек ойдағыдай өтті. Кішкене шаршап қалдым. Үшінші раундты беріп қойдым. Жарыс ойдағыдай, жақсы өтті. Барлықтарыңызға рақмет. Бокс дами берсін.

Криштиану Роналду өнер көрсетіп жүрген Сауд Арабиясының "Әл-Наср" футбол клубы ел Суперкубогінен шығып қалды. "Әл-Наср" жартылай финалда "Әл-Иттихад" командасына 1:3 есебімен ұтылды. Португалиялықтың жаңа клубы қатарынан 13 жеңіс сериясын үзіп алды. Аттай қалап алдыртқан 37 жастағы шабуылшы осымен екінші ойын бойы нәтижелі әрекетпен көзге түспеді.

Роналдудың экс клубтарының бірі «Реал» төрт жылдан кейін алғаш рет Испания Кубогының финалына шықты. Атлетико Мадрид сапында ойын есебін Альваро Морато ашқан еді, ол допқа корольдік клубтың ойыншысы Родриго жауап берді. Осылайша ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталған. Қосымша уақытта Атлетико ойыншысы алаңнан қуылып, «Реал» ойыншылары бұл мүмкіндікті сәтті пайдаланып, қарсыласты қапы қалдырды.

Мәскеуде өтіп жатқан «Шахмат жұлдыздары» атты халықаралық турнирде ерекше сенсация болды. Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте бәсекенің басты фавориті Сергей Карякинді жеңді.

Спорт жаңалықтары бүгінге осындай. Спортшыларымыздың мерейі әрдайым үстем болсын!

Қ. Мерей