Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Түркістан облысында кәсіпкер табиғи газды заңсыз пайдаланып келген

AstanaTV
27.01.2023ж. 19:33
1298
Түркістан облысында кәсіпкер табиғи газды заңсыз пайдаланып келген

Сарыағаш ауданына қарасты Құркелес ауылында орналасқан жылыжай шаруашылығы көгілдір отынға заңсыз қосылған. Ол арнайы тексеру кезінде анықталды. Газ мамандарының мәліметінше, елдімекенге келетін газдың қысымы белгілі бір жерге келгенде күрт төмендеп кететіні байқалған.   

«Бірлескен тексеру нәтижелері бойынша "Сарыағаш" ГТС-тің жұмыс істеп тұрған жоғары қысымды 108 мм газ құбырына өз бетінше қосылу фактісі, сондай-ақ объектіде қолдан жасалған 4 қыздырғыш пештің жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Қосылу нүктесіндегі газ құбырының диаметрі Ø57 мм, қосылу нүктесіндегі газ қысымы жоғары. Қазіргі уақытта барлық жағдайлар анықталуда, сондай-ақ газбен ажырату үшін құбыр үстіне құйылған бетон плитасын бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде, тексеру аяқталғаннан кейін осы факт бойынша толық ақпарат берілетін болады», делінген «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қоғаммен байланыс және ИМЖ департаменті таратқан ақпаратта.        

Жылыжайдағылардың табиғи газды нақты қай уақыттан бері заңсыз қосып келгені әзірге айтылмады. Белгілісі, аталған мекен-жай бойынша шаруашылық 2017 жылға дейін ғана тұтынушы ретінде тіркелген.