Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Тағы 176 адам «Болашақ» стипендианты атанды

AstanaTV
15.08.2016ж. 20:00
2555
Тағы 176 адам «Болашақ» стипендианты атанды

Тағы 176 адам «Болашақ» стипендианты атанды. Ал биыл барлығы 700 шәкіртақы бөлініп отыр. Бұл туралы  Мемлекеттік хатшының қатысуымен өткен жиында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов мәлім етті. Көбісі магистратура мен докторантураға құжат тапсырса, 70 шақтысы тағылымдамадан өтеді.

Қазір мың жарым студент шет елде осы бағдарлама аясында білім алып жатыр. Биыл оларға стипендия ретінде бюджеттен 20 млрд теңге бөлінді. Бір айта кетерлігі, келесі жылдан бастап ауыл мұғалімдеріне арнайы жеңілдіктер бар. Ағылшын тілін орта деңгейде білетін ұстаздарға "болашақтық" атануға жол ашылмақ.

Ғани Нығметов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті:

IELTS деген ағылшын тілінің тесті бар. Сол 5 деген болады. Ол дегініміз орташа деңгей. Ауыл мұғалімдері магистратураға түсіп оқуға бара алады. Одан кейін ауылда жұмыс істейді ме, қалада жұмыс істейді ме, жалпы мамандық бойынша жұмыс істеу талап болады.