Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қазақстан қоржыны бүгін тағы бірнеше медальмен толығуы мүмкін

AstanaTV
15.08.2016ж. 20:00
3165
Қазақстан қоржыны бүгін тағы бірнеше медальмен толығуы мүмкін

Бүгін Қазақстан қоржыны тағы бірнеше медальмен толығуы мүмкін. Рио додасының 10-шы күні қазақстандықтар бірнеше спорт түрінен өнер көрсетеді. 

Солардың ішінде үлкен үміт күттірген грем-рим күресінің шебері Нұрмахан Тынәлиев те бар. Ол 130 келі салмақта өнер көрсетеді. Нұрмахан Азияның екі дүркін чемпионы, әлемдік чемпионаттың қола жүлдегері. Синхронды жүзуден Александра мен Екатерина Немичтер бәсекеге түседі. 400 метрге жүгіруден Дмитрий Коблов іріктеу кезеңіне қатысады.

Бүгін 4 бірдей боксшымыз да шаршы алаңға шығады. 52 келі салмақта Олжас Сәттібаев ширек финалда осы салмақтағы чемпион әзірбайжандық Эльвин Мамишзадемен жұдырықтасады. Жәнібек Әлімханұлы да әзірбайжандық Камран Шахсуварлымен қолғап түйістіреді. Қарсылас Қазақстан құрамасына кіре алмай, Әзірбайжан азаматтығын алған бұрынғы қазақстандық. Ал түнде Данияр Елеусінов жартылай финалға шығады. Ол Франция азаматы Сулейман Сисоккомен финалға өтуге таласады.

Ал 91 келі салмақта өнер көрсететін Василий Левит ресейлік Евгений Тищенко екеуі алтын үшін шаршы алаңға шығады. Тағы бір медальды ауыр атлет Александр Зайчиковтан күтеміз. Ол 105 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетпек.