Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Жолдың ортасында ұйықтап қалған мас жүргізуші жазаланды

AstanaTV
28.01.2023ж. 13:40
1445
Жолдың ортасында ұйықтап қалған мас жүргізуші жазаланды

Елордада жолдың ортасында ұйықтап қалған мас жүргізуші жазаланды. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен “Мас жүргізуші – қылмыскер!” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген рейд барысында түнгі уақытта Айтматов көшесінің бойында тура жолда тұрған KIA CARENS автокөлігі байқалды. Аталған көлік полицейлердің күдігін туғызған. Медициналық тексерудің қорытындысы бойынша ер адамның орта дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталды. Жүргізушіге көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар құқық бұзушы әкімшілік соттың шешімімен 20 тәулікке қамаққа алынып, 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.