$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Қоғамдық көліктерде ұрлық жасап жүрген әйел ұсталды

AstanaTV
28.01.2023ж. 14:16
432
Қоғамдық көліктерде ұрлық жасап жүрген әйел ұсталды

Алматыда қоғамдық көліктерде ұрлық жасап жүрген әйел ұсталды. К.есімді азаматша Көк базар аумағында №141 қоғамдық көлікте қалта ұрлығын жасап, қолға түсті. Polisia.kz. дерегінше, ол жолаушының қалтасынан құжаттары мен ақшасы салынған әмиянды ұрлап кеткен.

«Күдіктіні ұстауға бізге қаланың криминалдық полициясының қызметкерлері көмектесті. Ұстау кезінде одан ұрланған әмиян тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеушілер ұсталған азаматшаның Алматының басқа да аудандарында осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Жәбірленушінің арызы негізінде ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Айтпақшы, бұған дейін күдікті бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах