Бизнес
пен ғылымды тоғыстыруға ниеттілерге грант беріледі. Әзірге «start-up»-шыларға 5
млрд теңгедей бөлінгелі отыр. Бұл
туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым вице-министрі
Бибігүл Асылова мәлім етті.
Байқау шарты бойынша, грант ғалымдарға 3 жылға
беріледі. Аталған 5 миллиардтың 230 миллионнан астамын тәжірибелі ғалымдар алса, 180
млн теңгесін инновациялық идея ұсынушы жастар алуға құқылы. Осы уақыт
аралығында идеялар жүзеге асырылып, бастапқы коммерциялық табыс әкелуі тиіс.
Ал
грант қаржысын Қазақстан даму банкі бөліп отыр. Байқау екі кезеңмен іріктеуді
өткізеді. Біріншісінде идея ұсынылса, екіншісінде құжаттар қабылданады.
Өтініш 31-ші тамызға дейін жалғасады.
Бибігүл
Асылова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:
Жобаның
басты мақсаты - ғылыми тәжірбилер жасай отырып, бүгінгі нарыққа қажетті
өнімдерді өндіріп шығару және ғылымды коммерцияға айналдыру. Жобаны жүзеге
асыруға 5 жыл беріледі. Ал грант 3 жылға тағайындалады. Жоба аясында 3 байқау
өткізіледі. Олар - аға және кіші ғалымдар, пейдж зерттеушілер, және жаңа
инновациялық идея ұсынушылар арасында болады.