Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Таразда 19 жастағы қыз биіктен секіріп кетті

AstanaTV
28.01.2023ж. 15:16
1046
Таразда 19 жастағы қыз биіктен секіріп кетті

Тараз қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығына құрылысы аяқталмаған нысанның төбесінен қыз баланың секіріп кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы zakon.kz. хабарлайды. Бұған қатысты ҚР ҚҚ-нің 105-бабымен (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыз-қала тұрғыны. Облыс орталығындағы ауруханалардың біріне жеткізілген, қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Бойжеткеннің өзіне-өзі қол салуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Мәселенің мән-жайы тергеп-тексеру барысында анықталатын болады.

Фото zakon.kz.