Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елена Рыбакина финалда сүрінді

AstanaTV
28.01.2023ж. 18:03
1444
Елена Рыбакина финалда сүрінді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалында жеңіліп қалды. Ол Беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салған болатын.

Бірінші партияда жерлесіміздің жолы болды. Екінші кезеңде қарсыласқа есе жіберді. Шешуші сетте белоруссиялық теннисшінің асыға алшысынан түсті. Осылайша, А. Соболенко алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы атанды. Ақтық сайыс 2 сағат 29 минутқа созылды.