Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Күн күрт жылынады

AstanaTV
28.01.2023ж. 22:16
1272
Күн күрт жылынады

«Қазгидромет» мамандарының болжауынша, алдағы күндері еліміздің кей аумақтарында қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы жоғарылайды. Қалың қар еріп және өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Сондықтан Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу облыстарында 30 қаңтардан бастап азаматтық қорғау бөлімшелерінің жұмысы күшейтілмек.

Тасқынның алдын алуға бағытталған жедел шаралар қабылдау мәселесі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Қазір бізге су тасқынына дайындық шараларын күшейту керек. Ауа райының күрт жылынуынан тасқын қаупі туындап отырғанын көріп отырмыз. Бұл бағытта тиісті іс-шараларды жедел үйлестіру үшін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған арнайы Үкіметтік комиссия жұмысын бастайды.