Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Риддерде баласын балконнан құлатып алған ана айыппұл арқалады

AstanaTV
29.01.2023ж. 11:54
836
Риддерде баласын балконнан құлатып алған ана айыппұл арқалады

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында баласын үшінші қабаттан құлатып алған әйелге айыппұл салынды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті хабарлады.

«Баласымен қонақта болған 20 жастағы қала тұрғыны өз үйіне қайтпақ болғанда пәтер есігі кілттеліп тұрған. Сол кезде мас әйел баласымен бірге балкон арқылы сыртқа шықпақ болғанда бала қарға құлап кеткен. Бірден ауруханаға жеткізілген бала ауыр жарақат алмағаны белгілі болды», - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.

Сонда да полицейлер жауапсыздық танытқан әйелге айыппұл салды. Енді ол ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес 30 630 теңге төлеуге міндеттелді. Бұдан бөлек, әйел адамды ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралмақ.