Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Перуде автобус жардан құлап, 25 адам мерт болды

AstanaTV
29.01.2023ж. 12:17
1113
Перуде автобус жардан құлап, 25 адам мерт болды

Перудің солтүстігінде 60 жолаушы мінген автобус сенбі күні жардан құлап кетті. 25 адам қаза тапты, ондаған адам жарақат алды. Бұл туралы Астана телеарнасы қытайдың Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Деректер бойынша, оқиға 03:00 шамасында болған. Рейстік автобус жүргізушісі Пьюра аймағы Талара провинциясындағы қолайсыз жолда көлікті игере алмай, автобус құздан құлаған. Жергілікті полиция тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, Перуде жол-көлік апаты жиі болады. Оның негізгі себептері – жол мен көліктердің нашарлығы, сондай-ақ көлікті жүргізуші куәлігінсіз немесе мас күйінде айдау.