Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтауда көшеде кетіп бара жатқан адамның үстіне жиһаз құлады

AstanaTV
29.01.2023ж. 14:19
906
Ақтауда көшеде кетіп бара жатқан адамның үстіне жиһаз құлады

Оқиға 11-ші шағын ауданда болған. Ауыр жиһаз сол жерден өтіп бара жатқан тұрғынның басына түскен. Қазір ол аурухананың нейрохирургия бөлімінде жатыр. Ақтаулық дәрігерлер басына жиһаз құлаған жәбірленушінің жағдайы ауыр екенін айтты.

«Ота жасау үшін Ақтауға Астанадан дәрігерлер баратын болды. Науқастың жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер қажет шаралардың бәрін жасайды», - деді облыстық ауруханада.

Осы іс бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.