Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

19 жастағы жігіт қоғамдық көлікте телефон ұрлады

AstanaTV
30.01.2023ж. 09:54
1047
19 жастағы жігіт қоғамдық көлікте телефон ұрлады

Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасап жүрген жігіт ұсталды. Polisia.kz. дерегінше, күдіктінің жасы он тоғызда. Ол Samsung телефонын қолды қылған.

«Күдікті аялдама кешендері мен қоғамдық көліктерде “қарбалас уақытта” ұрлық жасап жүрген. Қоғамдық көліктің бір басынан екінші шетіне дейін жолаушылардың қалтасын тексерген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сонымен қатар, күдіктінің қаланың басқа да жерлерінде осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.