Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Павлодар облысында шаруа қожалықтан заңсыз қару мен оқ-дәрілер табылды

AstanaTV
30.01.2023ж. 12:43
1728
Павлодар облысында шаруа қожалықтан заңсыз қару мен оқ-дәрілер табылды

Ақсу ауданының 52 жастағы тұрғынынан атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді. Полицияның дерегінше, заңсыз қару-жарақ тұрғынның шаруа қожалығынан табылған. Полиция қызметкерлері 2 аңшылық мылтық, 1 иір ойықты винтовка және әртүрлі калибрлі 30-ға жуық патрон тапқан.

"Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша жүргізіледі. Тәркіленген қару тиісті сараптамаға жіберілді. Тергеу кезінде күдіктіге қатысты “келу туралы міндеттеме” процедуралық мәжбүрлеу шарасы таңдалды", – деді Ақсу аудандық полициясының бастығы Ернар Ширбаев.