Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Долларға сұраныс артты

AstanaTV
30.01.2023ж. 21:03
992
Долларға сұраныс артты

Желтоқсан айында шетел валютасына сұраныс артқан. Долларды сатып алу 18,3%-ға өсіп, 264,3 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Ұлттық Банк. 

Бұл ретте таза сатып алудың жалпы көлемі жылдық мәнде 46%-ға төмендеді, бұл негізінен доллар мен Ресей рублін таза сатып алудың төмендеуіне байланысты. Дәстүр бойынша шығыстардың негізгі көлемі долларды сатып алуға – 89,1% немесе 235,3 млрд теңге, Ресей рубліне – 2,3% немесе 6 млрд теңге және еуро сатып алуға – 8,5% немесе 22,5 млрд теңге жұмсалды. Ұлттық банк 2022 жылғы желтоқсанда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі аясында бір доллар үшін 460,58-473,51 теңге аралығында өзгергенін атап өтті.