Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Астанада әлеуметтік нысандар жаппай техникалық тексеруден өтіп жатыр

AstanaTV
16.08.2016ж. 20:00
4309
Астанада әлеуметтік нысандар жаппай техникалық тексеруден өтіп жатыр

Астанада әлеуметтік нысандар жаппай тексеріліп жатыр. Әсіресе ғимараттардың инфрақұрылымы мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуына мейлінше қолайлы болуы тиіс. Тіпті осы мақсатта арнайы тексеру тобы құрылған. Оған "Нұр Отан" партиясы тікелей мұрындық болып отыр. Бүгін партияның Астана қалалық филиалының өкілдері арнайы рейд ұйымдастырып, қадағалау жұмысын жасады. 

Тексеру - «Кедергісіз келешек» жобасы аясында қолға алынған іс. Яғни қалаішілік жаңадан салынып жатқан нысандардың бәрі де техникалық жағынан талапқа сәйкес болуы бақыланбақ. Мәселен, баспалдақтан бөлек ғимараттың кіреберісінде пандус тұруы керек. Оның радиусы 20-дан аспауы шарт. Ені - 1 метрге таяу. Ең бастысы - арбада отырған адамның ішке кіруіне ыңғайлы болуы керек. Есік те мейлінше кең ашылуы тиіс.

Бүгін партияның Астана қалалық филиалының мамандары 3 мектептің құрылысын қарап шықты. Соның бірі - №79 лецей. Мұнда жаңа оқу жылынан бастап, аутизм мен даун дертіне шалдыққан балғындарды оқытатын бір сынып ашылғалы тұр. Сондықтан ондағы сынып та техникалық тексеруге алынған.

Елшат Айдынұлы, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының кеңесшісі:

Бұл "Нұр Отан" партиясының "Кедергісіз келешек" жобасының аясында істелініп жатқан жұмыс. Ең басты мақсаты -  мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мемлекеттік мекемелерде мүмкіндігіне шектеу жасамау. Астана қаласындағы №79 мектепке келіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайларды қарап жатырмыз. Оның ішінде пандустар.

Рейд қорытындысы бойынша, тексеруге алынған әлеуметтік ғимараттар талапқа сай болып шықты. Айта кетсек, өткен тоқсанда «Кедергісіз келешек» жобасы аясында партия өкілдері коммерциялық нысандарға тексеру жүргізіп, бірнаше хаттама толтырған болатын. Нәтижелері Астана әкімдігіне жолданды.

Құралай ПИОНЕР