$494.87 €520.65 ₽4.91
×

5 жылдан кейін шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер саны 4,7 млн-ға жетеді

AstanaTV
31.01.2023ж. 12:40
1246
5 жылдан кейін шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер саны 4,7 млн-ға жетеді

Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында осылай деді.

"Бұл «Таза парақтан» реформасы бизнес-ортаны реттеудің тиімділігін арттырып, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Сондықтан осы бағытта бірлескен жұмыстарды әрі қарай жалғастырамыз", - деді Үкімет басшысы. Үкімет бизнестің сындарлы ұсыныстарын қолдауға дайын екенін кәсіпкерлер сезіне алуы керек.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ

Бизнестің тұрақты да табысты қызметіне бірінші кезекте мемлекеттің өзі мүдделі. Кәсіпкерлер осыны сезінуі керек. Атқарылған жұмыстар 2029 жылға қарай шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер санының 4,7 млн адамға дейін өсуіне және мемлекеттің экономикадағы үлесін 14 %-ке дейін төмендетуге мүмкіндік береді.