Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Оралдағы өртенген мектептің күзетшісі ауыр халде ауруханада жатыр

AstanaTV
31.01.2023ж. 20:00
927
Оралдағы өртенген мектептің күзетшісі ауыр халде ауруханада жатыр

Оралда отқа оранған мектеп-лицейдің күзетшісі ауыр халде ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, 66 жастағы азамат түтінге тұншығып қалған. Қазір жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр.

Қызыл жалын ғимарат ішіндегі 15 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір бүлінген жер қоршауға алынып, мектепте сабақ тоқтатылды. Бүгіннен бастап білім ошағындағы 26 кластың бәрі де онлайн оқу режиміне көшіріліпті. Онлайн-сабақтың қашан аяқталары әзірге белгісіз. Мектеп басшылығы анықтаушылардың шешімін күтіп отырғанын айтады.

Әлия ДҮЙСЕҒАЛИЕВА, №28 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

5-сыныптың кабинеті өртенген. Қасында тұрған ағылшын тілі кабинеті өртенді. Төбе мен жар күйе-күйе. Кабинеттің парталары өртеніпті. Жоғарыдағы шамдарының бәрі.

Әзірге тілсіз жау электр желісінің қысқа тұйықталуынан болған деген болжам айтылып отыр. Яғни, мектеп күзетшісі электр қуатын ажыратпақ болған кезде токқа соғылған. Түтінге тұншығып, уланған оған жедел көмек көрсетіліп, сыртқа шығарылған. Қазір мектепке қанша шығын келгені анықталып жатыр.

Мереке ЖҰМАҒАЛИЕВ ОБЛЫСТЫҚ ТЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Өртті жоюға Департаменттен 54 адам жеке құраммен 13 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекетінің нәтижесінде өрттің үлкен аумаққа таралуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта өрттің себебі мен оған кінәлі тұлғаларды және материалдық шығынды анықтау бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр.

Е. Карин