Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Алматыда көлігін от жағып жылытқан азамат ұсталды

AstanaTV
31.01.2023ж. 20:00
1346
Алматыда көлігін от жағып жылытқан азамат ұсталды

Алматы тұрғыны көлігін жылыту үшін ішіне от жаққан. Темір тұлпарын қолдан жылытуға тырысқан қарияның бұл әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, көпті таңқалдырған еді. Жүргізуші салонның ортасына ашық отты пеш жасап, екі жағына газ баллондарын орналастырған. Белгілі болғандай, ол бұл әрекетке бірінші рет барып тұрған жоқ.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен бұл қадамға қызық үшін бардым. Әрине, қауіпті екенін мойындаймын. Кептелісте не тағы бір жерде көліктің өртеніп кетуі әбден мүмкін еді.

Көлік құралын пайдалану ережелерін бұзған жүргізушіге қатысты полиция шара қолданды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды. ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша материал жинақталды. Мұндай көлікті басқару – ең алдымен, оның иесіне, жолаушыларға және басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретіні анық.

М. Жақан