Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Жамбылдағы жоғарғы оқу орнының шаруашылық қызметкерлері жалақының аздығына шағымданды

AstanaTV
31.01.2023ж. 20:00
1272
Жамбылдағы жоғарғы оқу орнының шаруашылық қызметкерлері жалақының аздығына шағымданды

Айлығымыз аз, жалақымыз мардымсыз. Осылай деп Жамбылдағы жоғарғы оқу орнының шаруашылық қызметкерлері шу шығарды. Жаңа жылдан кейін жалақыны кесіп, қымбатшылық кезде тығырыққа тіреді, дейді наразы топ. Тақырыпты тілшіміз тарқатсын.

Еңбегіміз лайықты бағаланбайды. Жалақымыз дымға жетпейді. Оқу орнының шаруашылық қызметкерлері осылай деп шағымдануда. Ол аздай жаңа жылдан кейін айлығымыздың 15-30 пайызын кесіп тастады деп отыр. Табысты көтеру талабы қойылғанына біраз болған.

Тәттібек АХМЕТОВ, АҒАШ ҰСТАСЫ:

140 мың айлық алатынмын. 76 мың кеше алдым. Мынаның бәрі айтқысы келеді. Ертең жұмыстан шығарып жібере ме деп қорқады. Айтпағанда өлеміз бе, 76 мыңмен қалай өмір сүреміз. Үйде жұмыс істейтін бір-ақ адам.

Сара ЖАНҚОЖАЕВА, ЕДЕН ЖУУШЫ:

Демалысқа кетеді оның орын жуамыз. Больничныйға кетеді. Оның орнын жуамыз. Не үшін төленбейді. Ешқашан төленбейді. Ол ақшалар қайда кетіп жатыр

Олжабай ЖАЙЛАУОВ, ЖҮРГІЗУШІ:

Біздің гаражды жауып тастай ма? Или не істеп жатқанын бұлардың адам түсінбейді. Өмірі мұндай болған емес.

Фарида ҰЛАНБАЕВА, ЖАТАҚХАНА КОММЕНДАНТЫ:

Ректор бізді қабылдамайды. Осы уақытқа дейін шыдап келдік!

Ашуға булыққан жұмысшылар ешнәрсені бүгіп қалмады. Бұл оқу орнында былық көп деді. Тіпті ақысыз еңбек демалысына шығарып, өздері қалаған уақытта шақырып алады деп күйінеді. Күн көріс керек көнеміз дейді. Оқу ордасының басшысы бұл мәселе айлықты қайта есептеуден туындады деп отыр. Өткен жылы негізгі айлыққа, үстемақы қосылып берілген екен. Енді сол берілмейтін болыпты. Жұрт жиналып, шу шыққан соң барлығын жедел түрде қайта қалпына келтіретіндерін жеткізді.

Мұхтар БАЙЖҰМАНОВ, М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

Бұған дейін алғаны, ол бұйрықтың күші 22 жылмен тоқтады, болды бітті. Енді 23 жылға жаңа бұйрық жасалып жатыр қазір. Негізгі жалақыларын алды, қосымшалары қазір кетеді. Бүгін бірден жібере саламыз. Барлығы есептеліп қойды. Алады, ол жерде ешқандай проблема жоқ.

Айта кетейік, аталған оқу орнында 15 мыңға жуық студент білім алады. Мұның 25 проценті грантта, қалғаны мамандығына қарай ең төмені жылына 390 мың теңге төйлейді екен. Ал шаруашылық қызметкерлердің алдағы айлығы көтеріледі ма, жоқ па ол жағы айтылмады.

Б. Жұмабай