Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Оралда тұратын соғыс ардагері Иван Гапич 100-ге толды

AstanaTV
01.02.2023ж. 12:45
1340
Оралда тұратын соғыс ардагері Иван Гапич 100-ге толды

Мәскеудегі 1945 жылы 24 маусымдағы Жеңіс шеруіне қатысқан Иван Гапич 100-ге толды. 2010 жылы да қарт майдангер 9 мамырда Мәскеудегі мерекелік шараларға қатысты.

Ол төлқұжаттағы туған жылы 1924-ті 1923-ке түзеп, өз еркімен соғысқа аттанған. Әуелі Ташкенттегі әскери байланыс мектебінде білім алып, 1941 жылдың қараша айында Мәскеуде жинақталып жатқан 551-байланыс батальонына жіберіледі. Бір апта өтер-өтпесте Батыс майданы штабының әскери бөлімдермен байланысын қамтамасыз етіп тұрған 375-дербес радиодивизонында қызмет етеді.

Смоленск, Орша, Минск, Вильнюс, Каунас, Гумбинен, әсіресе, Шығыс Пруссияның қалқаны іспеттес Кенинсберг үшін болған кескілескен айқастарға қатысты.

Жеңіс шеруінен кейін қайта Германияға оралып, әскери қызметін Польшада жалғастырған Иван Гапич елге 1947 жылы оралды. Алматыда заңгерлік мамандық алған ол өмір бойы прокуратура органдарында еңбек етті. Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Көкшетау облыстарында прокурорлық қызмет атқарып, абырой биігінен көріне білді. Жиырма бір жылдай уақыт бойы Батыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары болған Иван Степанович осы Оралда тұрақтап қалды. Ол - КСРО және Қазақстан прокуратурасының құрметті қызметкері.