Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Бармақ басты, көз қыстымен» жымқырылған халық ырыздығын қайтару жұмысын жүйелі жүргіземіз, - Е.Саиров

AstanaTV
01.02.2023ж. 20:00
828
«Бармақ басты, көз қыстымен» жымқырылған халық ырыздығын қайтару жұмысын жүйелі жүргіземіз, - Е.Саиров

Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі Маңғыстау облысында 239 мың гектар, Жамбыл облысында 60мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл жұмыстар Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізілуде.

Ерлан САИРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ РҚК ТӨРАҒАСЫ:

«АМАНАТ» партиясының Қоғамдық алаң ретінде әрбір азаматтың еншісі болып табылатын ұлттық байлықты мемлекетке қайтару басты миссиясы деп білеміз! «Бармақ басты, көз қыстымен» жымқырылған халық ырыздығын қайтару жұмысын жүйелі жүргіземіз. Мәртебелі фамилияға, «бұрынғы еңбегіңізге», қалтаңыздың қалыңдығына қарамаймыз.

Сондай-ақ, жиын барысында партиялықтар Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйін және партияның сайлауалды уәделерін жүзеге асыру жұмысын қарады.

Кеңес мүшелері соңғы үш жылда жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты да талдады. Бұл кезеңде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 203 сыбайлас жемқорлық қылмысты тіркеді. Оның 147-сі-парақорлық,47-сі ұрлық және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланудың 9 фактісі тіркелді.

Б. Сатуов