$444.3 €490.91 ₽5.41

Алматыда цех өртенді

14.11.2026ж. 16:43
Алматыда цех өртенді
Фото: ТЖМ

Алматыда ТЖМ өрт сөндірушілері цехтағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Astana TV.

112 пультіне Алматы қаласы Түрксіб ауданы Қайрат шағынауданында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетіп барлау барысында жеке тұрғын үй ауласындағы поролон өндіретін цехта өрт шыққаны анықталды.

Өртті сөндіру жұмыстары қою түтін мен үй-жай ішінде болған материалдардың тез тұтанғыштығына байланысты қиындады. Соған қарамастан, өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.