Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Солтүстік Қазақстанда учаскелік полицей сотталды

AstanaTV
02.02.2023ж. 20:00
901
Солтүстік Қазақстанда учаскелік полицей сотталды

Солтүстік Қазақстанда учаскелік полицей қылмыс кезінде бейжайлық танытқаны үшін сотталды. Былтыр шілде айында Бауман ауылының тәртіп сақшысы Қабай Әлтеев орманшымен бірге аңшылыққа шыққан. Артынша орманның ішінде сыбайласы Сергей Лосеня әйелді жануармен шатастырып, оптикалық мылтықпен атқан. Адамға оқ тигізгенін түсінген соң, олар жәбірленушіге көмектеспей, қарудың көзін жоюға тырысқан. Салдарынан көп қан жоғалтқан ауыл тұрғыны ауруханаға бара жатқан жолда бақилық болды. Бірер күн бұрын орманшы Сергей Лосеня бұл қылмысы үшін 3 жылға сотталды. Ал учаскелік полицей Қабай Әлтеевтің ісі сотта бөлек қаралды. Прокурор оның әрекетсіздігі үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыруды талап етті. Алайда, судья айыпталушының отбасылық жағдайын ескеріп, жазаны сәл жеңілдетуді жөн көрді. Ал марқұмның туыстары оныменк еліспейді.

Азамат ДҮЙСЕНОВ, СҚО МАМЛЮТ АУДАНЫ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Сот Қабай Әлтеевті кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады. Ол құқық қорғау және мемлекеттік органдарда қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылады. Айыпталушы өз жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейді.

Алтынбек САЙЛАУОВ, МАРҚҰМНЫҢ БАЛАСЫ:

Сот шешімі көңілімнен шықпады. 5 жыл деген аз. Анамды атқан винтовка табылмады. Егер зейнеткердің кінәсі болса, қаруды олар тапсыру керек еді. Бірақ олар тығып тастады. Онда Әлтеевтің саусақтарының ізі бар шығар деп ойлаймын.

А. Құрманкин