Мұнай-газ
саласында қызмет ететін отандық компаниялардың көбі бәсекеге қабілетсіз.
"Астана" телеарнасына берген сұхбатында KAZENERGY қауымдастығының
атқарушы директоры осылай деді.
Рүстем
Қабжановтың айтуынша, олар ескі стандарттармен жұмыс істеп келеді. Қазір
мұнай-газ саласындағы қазақстандық үлес тауарлар бойынша 30, ал жұмыс және
қызмет түрлерінде 60-70 пайызды құрайды. Дегенмен қазақстандық үлесті арттыру
үшін жер қойнауын пайдаланушыларға және салық пен кедендік қатынастарға қатысты
кодекстерге өзгерістер енгізілмек. Тиісті түзетулерді «KAZENERGY» қауымдастығы
Ұлттық экономика министрлігімен дайындап жатыр.
Рүстем
Қабжанов, «Kazenergy» қауымдастығының атқарушы директоры:
Егер
нарықтың ауқымын алсақ, 30 пайыз жақсы деп ойлаймын. Әрине, жоспарымыз бойынша
көрсеткішті тым болмаса 20 пайызға көтерсек, жақсы болады. Тауарлар бойынша
нарықтың жартысын жапсақ, өте жақсы сома шығар еді. Бұл жұмыс Қашаған, ТШО және
Қарашығанақ жобаларының дамуымен, олардың жүзеге асуымен тікелей байланысты.
Айгүл ӘДЕПБАЙ