$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Кейбір жанармай бекеттерінде бензин бағасы қымбаттады

AstanaTV
31.10.2016ж. 20:00
3106
Кейбір жанармай бекеттерінде бензин бағасы қымбаттады

Жанармай бекеттерінде бензин бағасы қымбаттады. Ең көп қолданылатын АИ-92 маркалы бензиннің 1 литрі  Астанада 128-130 теңгеге дейін жетті. Бұған дейін жанармай бағасы 125 теңге болған еді.

Естеріңізде болса, өткен жылдың қыркүйек айында үкімет АИ-92 және 93 маркалы бензин бағасын реттеуден бас тартқан болатын. Өткен аптада энергетика министрлігі Қазақстанда бензин тапшылығы болмайды деген жорамал жасаған. Онда вице-министр Мағзұм Мырзағалиев аталмыш марканың орташа бағасы ел көлемінде 125-127 теңгеден аспайды деген еді.

Дауренбек БАҚДАУЛЕТ