Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мәскеудің бұрынғы мэрі Маңғыстау облысында су таратқыш салуды жоспарлауда

AstanaTV
31.10.2016ж. 20:00
2107
Мәскеудің бұрынғы мэрі Маңғыстау облысында су таратқыш салуды жоспарлауда

Мәскеудің экс-мэрі Қазақстанда құны 2 млрд долларды құрайтын су таратқышты салуды көздеп отыр. Бұл жайында Лужков "РБК-ға" берген сұхбатында айтқан. Юрий Лужков мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде жобаның талқыланғанын тілге тиек етіп, әлі нақты қолдаудың болмағанын жеткізген.

Алдын ала жобалауға сәйкес құрылыс Маңғыстау облысында жүзеге асырылады. Жоба еліміздің батыс аумағында бизнес пен өндірістің дамуына тың серпін бермек. Қуатты су таратқыш торабының ұзындығы 200 шақырымды құрап, Каспий теңізінің солтүстік бөлігінен басталып, Маңғышлақ түбегіне дейінгі аралықты қамтымақ. Жобаны іске асыруды қолдайтын әлеуетті инвестордың дайын екені де белгілі болып отыр. 

Айбек ҚОСАНОВ