Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару үшін барлық шаралар жасалады - Елші

AstanaTV
01.11.2016ж. 20:00
2671
Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару үшін барлық шаралар жасалады - Елші

Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару үшін барлық шаралар жасалады. Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және Өкілетті елшісі Шаxрат Нұрышев осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, отандасымыз елге оралады деп үміттенуге болады.

Шаxрат Нұрышев, Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және Өкілетті елшісі:

Үміт бар. Қытайда сотталған 12 Қазақстан азаматы елге қайтарылып, жазаларын осында өтеуге мүмкіндік алғанын айттым. Тағы 12 адамды қайтару бойынша тиісті шаралар атқарылып жатыр. Бірақ олардың арасында Ақжарқын Тұрлыбай жоқ. Өйткені ол соттың шешімін  күтіп жүр. Сот шешім шығарған соң тиісті шараларды атқаратын боламыз.

Ертең Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот отырысы қайта өтетін болады. Еске салайық, 21 жастағы қазақстандық студент 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында ұсталған еді. Гуанчжоу соты оны есірткі тасымалдады деп айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Кейіннен заңсыз есірткі саудасымен күрес жөніндегі Ортаазиялық ақпараттық орталық "Ақжарқын нигериялық наркомафияның құрбаны болған" деп мәлімдеді. Ал сәуірде апелляциялық сот жерлесімізге тағайындалған жазаны өзгерту және істі қайта қарауға жіберу туралы шешім шығарды. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА