Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шымкент қаласы әкімдігінің жұмысын облыс басшысы қанағаттанарлықсыз деп бағалады

AstanaTV
01.11.2016ж. 20:00
2842
Шымкент қаласы әкімдігінің жұмысын облыс басшысы қанағаттанарлықсыз деп бағалады

Шымкент қаласы әкімдігінің жұмысы сын көтермейді. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қаланың дамуы бойынша өткен мәжілісте шахар билігінің жұмысына осындай баға берді.

Шымқала атына сай, жасыл қала болмай отыр деген аймақ басшысы, жасыл желектің қурап жатқанын сынады. Бұдан бөлек заңсыз құрылыс, қоқыс және жер қойнауын заңсыз пайдалану мәселелерін де түйреп өтті. Аталған салаға жауаптылардың айтқан уәждері облыс басшысын қанағаттандырмады. Шымкентті еліміздегі үшінші қала қатарына қосып, Елбасының тапсырмасын орындау үшін барлық ақпаратты енді арнайы сарапшылар арқылы алатынын да ашық айтты.

Жансейіт Түймебаев, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Қазір әкімшіліктің ең жоғарғы қабатына шығып қараңыздар, мен шымқала емес, топырақ қалада тұрған сияқтымын. Барлық саладағы басшылар осында отыр. Сіздердің жауаптарыңыздың түрлерін өзіңіз көрдіңіздер. Қанағаттанарлықсыз. Жұмысты түзеңіздер. Шара қолданыңыздар. Және кішкене сілкініңіздер. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ