Келесі жылдан бастап бірінші
класс оқушылары жазғы демалысқа бірінші
маусымнан шығады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Алматыға
келген іссапары барысында айтты. Бірінші класс оқушыларының 5 күндік оқу
жүйесіне көшуіне байланысты сенбі күндер демалыс болып есептеледі. Соның
есебінен балалардың жылына 34 күн артық демалуына мүмкіндігі бар. Сондықтан
соңғы қоңырау үні де жеткіншектер үшін келер жылы 1 маусымда соғылатын болады.
Ерлан Сағадиев, ҚР
Білім және ғылым министрі:
Енді бірінші класс балалары
сентябрьден 1 июньде демалысқа шығады. Оларға 34 күн демалыс беріледі жылдың
ішінде. Әр суббота, ол мына бүгін бала 34 жеті оқып жатыр ғой, сонда 34
субботаны, 34 күн демалыс беріп отырмыз.
Содан енді 5 күн алып отырмыз. Бірінші июньде бала демалысқа шығады.
Айта кетейік, биылғы жаңа оқу
жылынан бастап бірінші класс оқушылары аптасына 5 күн оқиды. Оған қоса үш
тілді оқу жүйесіне көшеді. Министрдің айтуынша, қазір «Назарбаев зияткерлік
мектептері» оқу бағдарламасын даярлау үстінде. Жаңа бағдарламаның көздегені -
ауыл мен қала мектептерінің білім деңгейін теңестіріп, тілдік сауаттылықты
арттыру. Ал келер жылдан бастап, жаңа оқу жүйесіне 2-ші, одан әрі 5-ші, 7-ші
және 9 сынып оқушылары жыл сайын сатылап көшетін болады, - деді Ерлан Сағадиев.
Айгүл ЕРМАХАН