$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Білім мекемесінің жетекшілері: Университеттерден гөрі колледждерге сұраныс жоғары

AstanaTV
03.11.2016ж. 20:00
3535
Білім мекемесінің жетекшілері: Университеттерден гөрі колледждерге сұраныс жоғары

Алматының кәсіби колледждерінде білім алғысы келетін студенттердің қатары артып келеді. Оны талапкерлердің таңдауының өзгергенінен де байқауға болады. Бұған дейін негізінен экономист, заңгер мамандықтарын қалайтындар көп болса, қазір мейлінше кәсіби мандықтарды игеруге ниетті. Мәселен, дәнекерлеуші, электрик, монтаждаушы болғысы келетіндер жиі кездеседі,- дейді оқу орнының басшылары.

Бүгін аталған салада мамандықтарға баулып жүрген білім беру ұйымдарының біріне «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының өкілдері бас сұқты. Нұротандықтар жастардың таңдауының дұрыс шешім болғанына тоқталды. Яғни дәл қазіргідей дағдарыс заманында жұмысшы мамандарына сұраныс жоғарылығымен қатар оларға төленетін жалақының да жақсы екендігін атап өтті.

Жұлдыз Омарбекова, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Қазір дәнекерлеушілер банк қызметкерінен жоғары жалақы алады, оларға сұраныс көп. Қазір көп нәрсе өзгерді. Бұрын заңгер, экономист, қаржыгер болғысы келетін еді бәрі. Жұмысшы мамандығына бара бермейтін жастар. Сондықтан кәсіби мамандар тапшы болып кетті. Сұранысқа сай жалақысы да жоғары. «Қазақтелеком» қызметкерлерінің өзінің жалақысы, мәселен, қомақты.

Алматыдағы бір ғана телекоммуникация және машина жасау колледжінде 830 студент білім алып жүр. Колледж директоры соңғы уақытта болашақ мамандарға таңдау талаптарының жоғыры болғанын айтады. Өйткені талапкерлер саны көбейген.

Алмасбек Нұғман, Алматы қалалық телекоммуникация және машина жасау колледжінің директоры:

Қазір біз қабылдау комиссиясында талапкерлерді конкурс арқылы өткізіп жүрміз. Бюджеттен әр мамандыққа 25 орын бөлінсе, ол мамандыққа кемі 30-35 адам өтініш береді. Сәйкесінше, біз іріктеу нәтижесімен өз болашақ мамандарымызды таңдап аламыз.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ