Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Сот банкрот деп таныған «Ромат» фармкомпаниясының жұмысшылары әкіммен кездесуді талап етті

AstanaTV
08.11.2016ж. 20:00
3271
Сот банкрот деп таныған «Ромат» фармкомпаниясының жұмысшылары әкіммен кездесуді талап етті

Сот «банкрот» деп таныған павлодарлық «Ромат» фармацевтикалық компаниясының мәселесі назарда. Осылай деген аймақ шенеуніктері мәселені оң шешілерінен үмітті.

Нұржан Әшімбетов, Павлодар қаласының әкімі:

Қаржылық оңалту кезінде жұмысшыларға жұмыс орны қажет болады. Оны да шешуге дайынбыз. Жұмыспен қамту бөлімінің мамандары кездесулер өткізеді. Қызметкердің біліктілігі мен мамандығына қарай жұмыс ұсынылады.

Ольга Карпык, өнім сапасы бөлімінің басшысы:

Бізді заңсыз «банкрот» деп таныды. Жұмысымызды ары қарай жалғастыру үшін мүлік те, қаражат та жеткілікті. Облыс әкімі бізбен кездескісі келмеді. Сондықтан ұжым әкімдікке өздері бармақ. Осы істі жан-жақты зерттеу үшін мемлекеттік комиссия құруды сұраймыз.

Жұмысшылар түс ауа облыс әкімі Болат Бақауовпен кездесті. Отырысқа ақпарат құралдары қатыстырылмады. Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, өңір басшысы «Ромат» компаниясының қазіргі жағдайы мен жұмысшылардың мемлекеттік комиссия құру жөніндегі ұсынысын Үкіметке жеткізуге уәде берген.

Аталған компанияда қаржылық қиындық 2015 жылдан басталған еді. Теңгенің құнсыздануы мен батыс елдерінің Ресейге жариялаған санкциялары - дағдарысқа басты себеп. Зауыт банктен алған несиені уақытында өтей алмай, 3 млрд 700 млн теңге қарыз болып қалады. Қаржы ұйымы кәсіпорынды сотқа берген. Соттың шешімімен «Ромат» компаниясы «банкрот» деп танылды. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ