Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Ақтөбеде діни сеніміне байланысты балаларына екпе жасатпайтындар көбейіп барады

AstanaTV
08.11.2016ж. 20:00
2375
Ақтөбеде діни сеніміне байланысты балаларына екпе жасатпайтындар көбейіп барады

Ақтөбе облысында түрлі жұқпалы ауруларға қарсы екпе жасалмаған балалардың саны артпаса, кемімей отыр. Бұл мәселенің уақыт өткен сайын күрделеніп бара жатқанына аймақтағы дәрігерлер алаңдаулы. Инфекциялық аурулардың 10-нан астам түрінің  алдын алатын екпеден ата-аналар ат тонын ала қашатын әдет тапқан.

Гүлнар Мәмбетжанова, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

2300-дей баланың ата-анасы екпеге қарсы. Оған түрлі себеп бар. Басым көпшілігі діни сенімдеріне байланысты. Оның ішінде тек ислам дініндегі тұрғындар емес, йогова, католицизм ағымында жүрген тұрғындар бар.

Тап осы мәселені аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев бүгінгі үкімет отырысында көтерді. Сәбилерді балабақша мен мектепке қабылдар алдында міндетті түрде вакцинация жасалғанын растайтын анықтама талап етілу керек. Әкімнің ұсынысы осындай. Алайда, құзырлы министрлік өкілі, баланың ата-анасы қарсы болған жағдайда екпе жасатуға мәжбүрлей алмаймыз, дегенді  айтты.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:

Біздің елде қабылданған стандарттарға сай бүкіл бала осы вакцинациядан өтуі керек. Мысалға, емдеу және диагностика жасау үшін біз науқастан келісім аламыз, операция болса да. Бұл жағдайда да біз балалардың ата-аналарынан келісім алуымыз керек.