$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ұлттық бірыңғай тестілеу енді басқа форматта өтетін болады - БҒМ

AstanaTV
09.11.2016ж. 20:00
3332
Ұлттық бірыңғай тестілеу енді басқа форматта өтетін болады - БҒМ

Ұлттық бірыңғай тестілеу енді басқа форматта өтетін болады. Министрлік өкілдері сынақтың жаңа нұсқасын таныстырды. Өзгеріске ұшыраған емтихан екі кезеңнен тұрады. Алғашында түлектер мектептегі білімін дәлелдеу үшін төрт пәннен міндетті сынақ тапсырады. Әдебиет пәнінен эссе жазады, Қазақстан тарихынан ауызша емтихан тапсырады. Қазақ немесе орыс тілі бойынша тестілеуден өтеді. Ал математикадан бақылау жұмысын жазады. Сондай-ақ өзі таңдаған бір пән бойынша қорытынды аттестациядан өтеді. Егер сынақтан өте алмаса, қайта тапсыруға құқығы бар. Ал тиісті балл жинағандар әрі қарай сынақтың екінші кезеңіне жіберіледі. Яғни жоғарғы оқу орнына түсу үшін Біріңғай ұлттық тестілеуде бағын сынайды.