$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Америкада Дональд Трампқа қарсы наразылықтар болды

AstanaTV
10.11.2016ж. 20:00
2496
Америкада Дональд Трампқа қарсы наразылықтар болды

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамптың командасы жұмыс жоспарын жасақтауға кірісті. Интерфакстің хабарлауынша, 6 жыл бұрын қабылданған қаржы реформаларын аяқтау басты назарға алынбақ. Сондай-ақ Мексикамен шекарадағы биік дуалдың құрылысы мен АҚШ-та жұмыс орындарын қорғау мақсатындағы келісімдер де аса маңызды. Энергетика саласында да біршама өзгерістер күтілуде. The Wall Street Journal-дың хабарлауынша президент әкімшілігі энергоресурстардың өндірісіне шектеулерді алып тастауға мүдделі. Еске салайық, 8 қараша күні елде президенттік сайлау өтіп, Дональд Трамп жеңіске жеткен едіі.

Бұл масқара жағдай. Біз Трамптың Ақ үйде отыруына қарсымыз. Оның істеген ісі әділетсіз. Халық не үшін оған дауыс бергенін түсінбеймін.

Ал Құрама Штаттарда Трампқа қарсы наразылық шаралары өтіп жатыр. Нью-Йоркте мыңдаған адам көшеге шықты. «Олар жаңа сайланған президент тұратын «Трамп Тауэр» ғимаратының маңына жиналған», -  деп жазады Рейтерс. Қарсылық шаралары бір мезетте бірнеше қалада өтіп жатыр. 200-ге жуық студент АҚШ-тың туын өртеп жіберген. Ал Сиетлдегі жағдай тіпті сорақы, наразылық соңы қару қолдануға ұласып, төрт адам жарақат алды.  Шерулер Аризона, Колорадо, Айова, Массачусетс, Вашингтон шаттарында да болып өтті. 

Саламат ОМАШ