Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Президент Сербия компанияларын Қазақстанның индустриялық бағдарламасына белсене қатысуға шақырды

AstanaTV
15.11.2016ж. 20:00
2271
Президент Сербия компанияларын Қазақстанның индустриялық бағдарламасына белсене қатысуға шақырды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Сербия компанияларын Қазақстанның индустриялық бағдарламасына белсене қатысуға шақырды. Бұл туралы мемлекет басшысы Сербия премьер-министрі Александр Вучичті қабылдау кезінде айтты.  «Бұл ел біздің Еуропадағы маңызды серіктесіміз» деген елбасы өзара экономикалық қарым-қатынасты дамыту мүмкіндіктеріне тоқталды. Кездесуде Мемлекет басшысының биылғы тамызда Сербияға жасаған ресми сапарында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу жайы талқыланды. Соңғы 10 жылда екі ел арасындағы тауар айналымы 230 миллион долларды құраған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сербия является для Казахстана важным деловым партнером в Европе. В Казахстане зарегистрированы 24 сербских предприятия, из которых функционируют 15. Есть возможность продолжать, прежде всего, экономическое сотрудничество. Надеюсь, ваш визит в правительство, бизнес-форум послужит, чтобы отношения наши укреплялись с каждым разом.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА