Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстанның табысты болуы мұнай мен газ қорына тәуелді емес - Президент

AstanaTV
14.11.2016ж. 20:00
1857
Қазақстанның табысты болуы мұнай мен газ қорына тәуелді емес - Президент

Қазақстан мұнай мен газ қорының молдығы жөнінен әлемде 12 орын алатыны рас, алайда, елдің табысты болуы олардың қорына тәуелді емес. Бүгін Елордада «Астана» клубының екінші отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Табиғи байлықты игеруге негізінен тәуелсіздік жылдары қол жеткізілгенін атады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Освоение, например, Тенгизского месторождения накануне распада СССР только планировалось, то есть у нас не было этой нефти 25 лет назад, у нас, практически, не было эффективной нефтедобычи. Специалисты знают, сколько стоит создание современной сети нефтедобычи, строительство современных нефтепроводов, особенно для экспорта. Нам пришлось это делать сызнова, привлекая мировые компании, для этого нужны были колоссальные ресурсы.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік саясатқа да тоқталды. Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі түйткілді мәселелерді шешуге  қол жеткізілгенін атап өтті. «Ресей мен Түркия арасындағы түсініспеушілік те бір арнаға түсті. Демек, мұндай мәселелерді шешуге қауқарлы екенбіз,- дей келе, кінәлілерді іздеп отыратын уақыттың әлдеқашан өткенін айтты.  

Сондай-ақ Елбасы АҚШ-та өткен сайлаудың нәтижесіне де тоқтала кетті. Бұл әлемдегі жетекші державалар арасында диалогты жандандыруға мүмкіндік береді,-деді. 


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Впрочем, результаты прошедших выборов в США дают определенную надежду на лучший исход. Имея в виду, прежде всего, что повышаются шансы на возобновление диалога между ведущими державами и попытку достигнуть компромисса по основным противоречиям между ними.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА