Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қырғыз Республикасының қауіпсіздік қызметі Алмазбек Атамбаевты өлтіремін деп жазған ғаламтор қолданушысын іздестіріп жатыр

AstanaTV
15.11.2016ж. 20:00
3103
Қырғыз Республикасының қауіпсіздік қызметі Алмазбек Атамбаевты өлтіремін деп жазған ғаламтор қолданушысын іздестіріп жатыр

Қырғыз мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Алмазбек Атамбаевты "өлтіремін" деп сес көрсеткен фейсбук қолданушысын іздеп жатыр. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. Бүгін ғаламтор беттерінің бірінде Муслим деген есіммен тіркелген азамат ел президентінің жанын алатынын жариялаған. Мәтінде: «Менің атым Муслим, мен жақында қырғыз президентін өлтіремін, Алмазбек Атамбаев, мені күт», - деп жазылған. Қазір бұл жағдайға байланысты тиісті тергеу іс-амалдары жүргізіліп жатыр.

Қырғыз Республикасы мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің өкілі:

Әлеуметтік желіге шыққан ақпарат бойынша қазір тексеріс жұмыстары жүргізіліп, жазған адамның кім екені анықталып жатыр. Сондықтан артық ештеңе айта алмаймыз. Бұл жазба тек бүгін ғана жарияланған.