Келер
жылы өтетін 28-ші Қысқы универсиадаға дайындық кестеге сай жүріп жатыр. Бүгін
президент қабылдауында болған Алматы әкімі Бауыржан Байбек осылай деді. 57 ел
универсиадаға қатысуға ниет білдірген. Әкімнің айтуынша, Халықаралық студенттік
спорт федерациясы Универсиада-2017 студенттік ойындар тарихындағы ең ірі жарыс
болуға тиіс деп болжап отыр.
Бауыржан
Байбек, Алматы қаласының әкімі:
Елбасының
тапсырмасы бойынша салынған Алматы халық арена нәтижелі жұмыс істеп жатыр.
Атлетикалық аула дайын болды. Қазіргі таңда біз ашылу рәсімін дайындап, қажетті
қауіпсіздік мәселелерін шешіп жатырмыз.