Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Коммуналдық қызметке жұмысшы күші жетіспейді - Алматы әкімдігі

AstanaTV
17.11.2016ж. 20:00
2524
Коммуналдық қызметке жұмысшы күші жетіспейді - Алматы әкімдігі

Биыл Алматыға қыс ерте келді. Синоптиктер қараша суық болатынын ескертті. Толассыз жауған қарды қаланың коммуналдық мекемелері тазалауға тырысқанымен, үлкен шаһарда таңнан көлік кептелісі басталды. Жол апаты да  әдеттегіден артты. Әуе рейстері кестеден ауытқып, жолаушылар жолдан қалды.

Ришат Асқарбекұлы, тілші:

Түнімен жауған қардың биіктігі 15 миллиметрге жеткен. Мамандар осылай деп отыр. Коммуналдық қызмет қалың қар түсетінінен хабардар. Әр 4 сағат сайын негізгі көшелерді тазартқанымен, көлік кептелісін жою мүмкін болмады.

Жолды көріп тұрсыздар ғой, ешқандай тазалмаған. Басқа айтар ештеңке жоқ енді, кешке дейін тазалайтын шығар деген үміт бар.

Бір сағат - бір жарым сағат жүріп келдім. Біз сыртқы жақтан келдік та. Осы қалада тұрамын ғой.

Жұмысқа дейін бір сағат жүріп келдім, пробка болды. Тазалмаған әлі, қазір де тазалмаған.

Әкімдік 465 арнайы техника мен 500-ден астам адамды көше тазалығына жұмылдырған. Бірақ әкімдік өкілдері алып қалада жұмыс күші тапшы дейді. Ал бөлінген бюджет қаражаты жұмысшы жалдауға жетпейтін көрінеді.

Дәурен Нұрдәулетов, қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

Түннен бері қарай қазірге дейін 6 мың тонна тұз құм қоспалары себілді жол бетіне. Қазір қар жауу басылмаған соң, жолдарды екі қайтара сыпырып, қайтадан оның бетіне арнайы қоспаларады технологияға сай қайтадан сеуіп жатырмыз. 

Бірақ синпотиктер жақында Алматыда қар жаумайды деп болжайды. Бірақ қарашаның соңына дейін күн суық болмақ.

Светлана Аманкұлова, «Қазгидромет» РМК ауа райын болжау бөлімінің жетекшісі:

Солтүстіктен келген антициклонның әсерінен суық ауа массасы оңтүстік аймақта біраз сақталады. Қараша айының 25-інен соң ғана жылыну болады. Оған дейін шаһарда күндіз 5-6 градус суық. Ал Алматы облысында 15-18 градусқа дейін аяз сақталады. Бірақ қар жаумайды.

Қалада 950 шақырым жаяу жүргіншілер жолы мен 18 миллион шаршы метр болатын көлік жолы бар. Әзірге коммуналдық қызмет негізгі даңғылдар мен орталық көшелерді қардан тазартты.

Ришат Асқарбекұлы, тілші:

Алғашқы қардан соң көшедегі жол-көлік оқиғалары да жиілейтіні заңдылық. Ішкі істер департаментінің ақпараты бойынша, өткен түні шаһарда 75 апат тіркелген. Мұндай оқиғалардан 17 адам зардап шеккен. Ал Алматы халықаралық әуежайында Астана, Шымкент, Павлодар бағыттары бойынша ұшып келетін ішкі рейстер уақытша кейінге шегерілген. Ал халықаралық бағыттардың ішінен Мәскеу, Бангкок және Нью-Делиден келетін ұшақтар кешігіп жетті. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ