$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Әлеуметтік жарнамалар келешекте телеарналардан тегін көрсетілуі мүмкін

AstanaTV
17.11.2016ж. 20:00
4352
Әлеуметтік жарнамалар келешекте телеарналардан тегін көрсетілуі мүмкін

Әлеуметтік жарнамалар келешекте телеарналардан тегін көрсетілуі мүмкін. Ол үшін қолданыстағы заңдарға өзгертулер енгізілмек. Жарнама заңына өзгерістер енгізілген жобаны Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген. Олар телеарналар мен радиолардың әлеуметтік роликтерді тегін көрсетуін заңмен бекітуді ұсынып отыр. Әлеуметтік жарнама көлемі жалпы көрсетілімнің 1 пайызы немесе тәулігіне 14,4 минутқа тең болуы тиіс деген талап та бар. "Астана" телеарнасының бас директоры Ләззат Танысбай 30 секундтық роликті күніне 23 рет тарату тым көп дегенді айтты. "Таралым көлемі емес, жарнамалық уақыттың 1 пайызына сәйкес келетін көлем алынса", деген ұсыныс білдірді.  Жоба авторлары ұсыныстардың барынша ескерілетінін жеткізді.

Айдар Әріпханов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

Теле-, радиоарналарға айлық таратылым көлемінің 1%-нан кем емес мөлшердегі әлеуметтік жарнамаларды тегін трансляциялау міндеті енгізілді. Бұл талапты орындауы тиіс телеарналар тізімі бекітілген. Роликтерді орналастырушы құзырлы орган Ақпарат және коммуникациялар министрлігі болмақ. 

Гүлнар Иксанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Техникалық тұрғыдан кейде баланстар бұзылып жатады, әсіресе тілге қатысты. Теле-, радиоарналарда бұл қалыпты құбылыс, осындай проблемалар әлеуметтік жарнамаларға қатысты да туындай ма, сұрақ бар. Ол жағына тиісті мониторинг жасалуы керек.