ЭКСПО
аумағындағы көпірдің құлауына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ІІМ
Қалмұханбет Қасымов айтты. Бас полицей бұл әлдекімнің қастандығы болуы мүмкін
деген де болжам жасады.
Қалмұханбет
Қасымов, ҚР
Ішкі істер министрі:
Сараптама
жүргізіп жатырмыз. Құлаудың себебін анықтаған кезде, процессуалдық шешім
қабылдаймыз. Қазір техникалық сараптама өтіп жатыр. Неден құлағанын білетін
боламыз. Мүмкін, береу кесіп қойған шығар, мүмкін, материал сапасыз. Барлығын
зерделеп барып шешім қабылдаймыз.
ЭКСПО
көрмесінің құрылыс алаңында қарашаның 16-да декоративті көпір опырылып түскен
болатын. Көрме тарапы да, құрылысқа жауапты бас мердігер де зардап шеккендер
жоқ деп, Сыртқы істер министрі журналистерді оқиғаны дүрліктірмеуге шақырған
болатын.
Айгүл ӘДЕПБАЙ