$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жерді заңды үлестірген шенеуніктердің кесірі

AstanaTV
18.11.2016ж. 20:00
2451
Жерді заңды үлестірген шенеуніктердің кесірі

Заңды сатып алынған тұрғындар жері аресттен босатылу керек. Қосшы елді мекенінің тұрғындары соттан осыны сұрап отыр. Олар сатып алған жерді шенеуніктер алаяқтық жолмен сатқан деп прокурорлар істі сотқа тапсырған болатын.

12 адамнан тұратын Ахметқали отбасы - жәбірленушілердің бірі. 2015 жылы Астана маңындағы Қосшы елді мекенінен 10 сотық жерді 10 мың долларға сатып алып, бар жиған-тергендерін салып, үй тұрғызады. Алайда қасынан электр линиясы өтсе де, баспанасында ток жоқ, тіркеу болмағасын, дәрігерге қаралу сияқты қызметтерге де жүгіне алмайды.

Тоқан Ахметқали, Қосшы елді мекенінің тұрғыны:

Ойбай, сендер заңсыз жерде отырсыңдар,- деген соттың түсініктемелерін қолға береді. Ой, бұл қалай болады? Біз заңсыз жерде отырғанымыз жоқ, гос актіміз бар. Барлық мемлекеттік тіркеуде тұрмыз. Бұл қалай десек, мынаны алаяқтар заңсыз орналастыра береді, бұл секілді қолдан келіп тұр дейді. Сонда мемлекет қайда қарап жатыр?

Заңсыз жер үлестірудің зардаптары, жалпы тұрғындардың 10 сотық жер ала алмауының проблемалары туралы арнайы материалды ертең, 20.00-де, «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көріңіздер!