Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Тас жетім қалған балалардың жағдайы өте қиын...

AstanaTV
19.11.2016ж. 20:00
2427
 Тас жетім қалған балалардың жағдайы өте қиын...

Қарашаның 2-де Қызылордаға тиіп тұрған Белкөл ауылында оқыс оқиға болды... -Анамыз өрттен алған күйіктерден дүние салды, әлі жас қой, не жазып едік,- деген Азамат есін жия алар емес. Азамат, Сапаровтардың ортаншы ұлы. Өрт кезінде жұмысынан үйіне қайтып келе жатқан. Анасы Әзиза небәрі 47 жаста болған. Өткен жылы әкесі науқастан көз жұмған. Енді тас жетім қалды. Былтыр ғана ағайын-туыс болып, өз қолдарымен көтерген жаңа үйлері өртеніп, шанырағы ортасына түсіп, қирады - газ баллоны жарылған. Белкөл ауылындағы өрттен жапа шеккен алтыншы отбасы. Марқұм Әзизамен сол қаралы күні үйінде үлкен ұлы мен келіні, кенже ұлы, екі немересі болған. Бесеуі де екінші қарашадан бері ауруханада. Алғашқы күндері хәлдері ауыр болған еді. Қазір барлығы жан-сақтау бөлімінен палаталарға ауыстырылды. 11 жастағы Дәулет анасы өмірден озғанын білмейді... Халық бұл сұмдық қайғыға бей-жай қарамады. Ауыл тұрғындары көтеріліп, барша елден көмек сұрай бастады. Әлеуметтік желі арқылы да. Жетім қалған балалар үшін жаңа баспана сұрап, өтінді. Ал 23 жастағы Азамат болса: мазалаған сұрақтардан басым жарылып кететін секілді,- деп күрсінеді. -Анасының бейітін қалай көтеремнен бастап, бауырларымды қалай емдеп, аяқтарына тұрғызам, ай сайын төлейтін 150 мың теңге несиені енді қайдан тауып, жабамын,- деген сауалдар жанын жегідей жеп барады. Қол ұшын беріп жатқан азаматтарға қатты риза. Ал жергілікті билік алты ай мерзімге жалдайтын пәтер тауып беретіндерін жеткізген.

Азамат Жанахметұлы: Белкөл ауылының тұрғыны:

Алдымен  бүкіл жинап беріп отырған халыққа рақметімді айтамын, осы кезде 700 мыңдай ақша жиналып тұр, сол халықтан. Осы жергілікті әкім КБИ мөлтек ауданынан екі бөлмелі жалға пәтер берді, алты айға. Оның жартысын Аманбаев Нұрлан деген жеке кәсіпкер көмектесіп жатыр жарты ақшасына. Алты айдан кейін біздң далаға шығарып жібереді, одан кейін қай жаққа баратынымызды білмейміз. Құжаттардың барлығы өртеніп кеткен. Құжаттарды қала дайындатынымызды білмейміз. Көне үй 15-қарашада таңғы бес пен алтынін арасында өртеніп кетті. Алаңсыз баратын жер жоқ, әркімнің үйінде қонып жүрмін.

Баян Тоқсанбаева, Белкөл ауылының тұрғыны:

Заңмен қарастырылмаған деп отыр ғой, оны біз түсінеміз. Дегенмен адами тұрғыда, өзіміздің қазақылыққа салсақ та, таза жетім қалған балаларға қол ұшын беріңдерші, сіздерден өтінерім.  

Мұндай - өте қиын жағдайда билік бір амалын табуы керек. Заң бойынша дей бермей... Әлде табысты азаматтар жиылып, бір үй тұрғызып бере ме екен. Тас жетімдер бірнеше қабат қызыл кірпіштен салынған үй талап етпейді ғой...