$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтаулық 6 жасар сәби көз жұмды

AstanaTV
21.11.2016ж. 20:00
3598
Ақтаулық 6 жасар сәби көз жұмды

Зорлық көрген ақтаулық 6 жасар Виктория көз жұмды. Бұл туралы Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының өкілі Данияр Меңлібеков хабарлады. Дәрігерлер бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің барлығын жасаған. Алайда ажалға араша тұра алмады. Осыдан бір ай бұрын оның ми жасушалары өлген болатын.

Данияр Меңлібеков, «UNIVERSITY MEDICAL CENTER» корпоративті қорының pr-менеджері:

87 тәулік «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» жатты. Осы уақыттың барлығында оның өмірлік маңызды ағзаларының барлығы тек аппаратпен жұмыс істеп тұрды. Яғни оның қанша уақыт жұмыс істеп тұрды, сонша қолдау жасалды. Өкінішке орай, ағзасы аппаратты қолдауға реагировать етуді тоқтатты.

Жантүршігерлік оқиға 20 тамызда Ақтауда болған еді. Күндізгі уақытта жоғалып кеткен бүлдіршін бірнеше сағаттан соң жағажай маңынан ес-түссіз күйде табылған. Көп қан жоғалтып, аса ауыр жарақат алған сәби ауруханаға жеткізілді. Орталық ми жүйесі қатты зақымдануына байланысты ол бірнеше күн есін жимаған соң, Астанадағы "Ана мен бала" ұлттық ғылыми орталығына жеткізілген. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 32 жасар Ақтау тұрғыны ұсталды. Бұл дерекке қатысты "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.