Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

ШҚО әкімі американдық AES компаниясын өте тиімсіз меншік иесі деп атады

AstanaTV
21.11.2016ж. 20:00
2368
ШҚО әкімі американдық AES компаниясын өте тиімсіз меншік иесі деп атады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі американдық AES компаниясын өте тиімсіз меншік иесі деп атады. Даниял Ахметов кәсіпорынның Өскемен және Согрин жылу-электр орталығында жүргізген жөндеу жұмыстарын сынға алды.  

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 40 градустық аязда кәсіпорындарда апат орын алған. Салдарынан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға берілетін жылу біршама қысқарды. Тиісті жұмыстар жүргізілген соң жылу стансалары қалыпты кестеге көшкен. Дегенмен, облыс әкімі ескірген құрал-жабдықтар пен инвестициялық бағдарламалардың  орындалмағанына алаңдаулы. 

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі: 

Согрин және Өскемен жылу стансалардың қожайыны болып табылатын американдық AES компаниясы тиімсіз меншік иесі болып отыр. Жөндеу жұмыстарын нашар жүргізді. Әу баста жөндеу сапалы жүргізіліп, миллиардтаған ивестиция тартылады деп сендірген. Көріп отырғанымыздай, оның ешқайсысы орындалмады. Өз міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін АҚШ-тан компания басшылығын шақыруды жоспарлап отырмыз. Елшілікті де құлағдар етеміз. 

Қазір жылу стансаларында арнайы комиссия жұмыс істеуде. Өңірде әлі де қатты аяз сақталып отыр. Өскеменде сынап бағанасы минус 39-ға дейін төмендеген. Кей жерлерде 45 градустық аяз тіркелді. Мектептер мен колледждерде сабақ тоқтаған. Табиғаттың тосын мінезіне дизельдік отын да шыдас бермеді. Қаладағы 300-дей қоғамдық көліктің бүгін тең жартысы бағытқа шықпады.