Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Президент «Bloomberg News» агенттігіне сұхбат берді

AstanaTV
22.11.2016ж. 20:00
2568
Президент «Bloomberg News» агенттігіне сұхбат берді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Bloomberg News» ақпарат агенттігіне сұхбат берді. Бұл агенттік нарықтың кәсіби қатысушыларын іскерлік сипаттағы ақпаратпен қамтамасыз етушілер арасында үздіктердің бірі болып саналады.

Сұхбат барысында мемлекет басшысы еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарына қатысты сауалдарға жауап берді. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер ынтымақтастығы, жаһандық экономиканың, терроризммен күрестің маңызды аспектілері, сондай-ақ шет елдермен өзара іс-қимылды нығайту шаралары туралы айтты.