Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Депутаттардың елге сапары әлі де жалғасуда

AstanaTV
23.08.2016ж. 20:00
2782
Депутаттардың елге сапары әлі де жалғасуда

Халық қалаулыларының елге сапары әлі де жалғасуда. Бүгін мәжілістің қос депутаты - Василий Олейник пен Жанат Омарбекова - Шығыс Қазақстан өңірін аралап, ондағы шаруалармен жүздесті. Еңбеккер қауыммен кездесу Семейдегі ең ірі шаруа қожалықтарының бірі «Мұздыбай-1»-ден басталды.

Бұл ұжым бүгінде көкөніс өңдіру қарқынын мейлінше арттырып отыр. Қазір мұнда картоп пен сәбіз жинау науқаны басталған. Шаруа қожалығы бастапқыда 5 гектар жерге өнім егудін бастапты. Бүгінде бау-бақшасы 1,5 мың гектарға жетіп, жылына 13 мың тоннаға жуық өнім алатын ілргелі қожалыққа айналған. Шаруалар аграрлық салаға мемлекет тарапынан жасалған қолдаудың айтарлықтай оң ықпал еткенін айтады. Депутаттар биылғы көкөністің қалай сұрыпталып жатқанын да көре кетуді ұйғарды. Бір айта кетерлігі, бүгінге шаруаның техникасы мен технологиясы барынша жаңартылған екен.

Жанат Омарбекова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Халықтың жағдайын біліп, ұсыныстарын алып жатырмыз. Бүгін міне Семей қаласында жақын маңдағы ауылдардағы шаруашылықтарда болып қайттық. Халықтың айтып жатқаны, жер сатылмаса дейді. Көтеріп жатқан мәселелерінің бірі - мектеп, балабақшалар және жайылым мәселелері. 

Мұнан бөлек «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында кей шаруа қожалықтары мемелекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде тұрғын үй құрылысын бастапты. Мәселен, аймақта шаруалар үшін қос пәтерлі 10 үй салуға мүмкіндік берілген. Құрылысы қызу жүріп жатқан ғимараттар жоспарға сәйкес 2016 жылдың күзінде аяқталуы тиіс. 170 млн теңгенің 10 пайызын шаруашылық төлесе, қалған 90 пайызы мемлекет есебінен өтелуі тиіс. Шаруалармен депутаттар Жер кодексіне қатысты бірқатар мәселелерді де қозғады.

Құралай ПИОНЕР