Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қызылжар өңірі биылдан бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне бидай экспорттамақ

AstanaTV
23.08.2016ж. 20:00
2426
Қызылжар өңірі биылдан бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне бидай экспорттамақ

Қызылжар өңірі биылдан бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне бидай экспорттамақ. Қазір жергілікті билік өкілдері жол шығынын арзандату мәселесін қолға алып жатыр. Теріскейлік диқандар қолайлы ауа райын пайдаланып, бітік шыққан егінді оруға кіріскен. Жалпы аумағы 4 миллион 370 мың гектарды құрайтын егістік алқаптарда 8 мыңдай комбайн тынымсыз жұмыс істеуде. Арасында Петропавлда құрастырылған «Сампо Азия» комбайндары да бар. Отандық техника қуаттылығы бойынша әйгілі Джондирдан кем емес, - дейді жергілікті атқамінерлер. Жалпы, теріскейде егін ору науқанын дер кезінде аяқтау үшін барлық жағдай жасалған. Шаруалар арзандатылған дизельдік отынмен толықтай қамтылып отыр. Үкімет тарапынан өңірге 72 мың тоннадай сұйық отын бөлінген. Оның 70 пайызы диқандарға таратылды. Қалғаны қыркүйек айында жеткізілмек.

Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Қоймалардың бәрі дайын. Қоймалардың дені 6,5 млн тонна астық сыятын болады. Сондықтан дайындық жақсы. Мынау ауа райы жақсы болатын сияқты, прогнозды қарағанда. Біз жақсы астық аламыз деп жоспарлап отырмыз. 

Абзал ҚҰРМАНКИН